Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері

Элективті курс

2022- 2023оқу жылына арналған

жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 

Экология негіздері

7-9- сыныптарына арналған

                                                             Алматы,2023жыл     

 БАҒДАРЛАМА

Элективті курс

(7-9-сыныптар – 34 сағ.)

Көңілтай Гүлдана

Қасен Шұғыла

Бакыткереева Елдана

Жаратылыстану және география  институты

«Химия-биология»  мамандығы

Пікір жазғандар

Сейтжанов А.Ф., Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті х.ғ.к., профессор.                                                                                                                   Мустапаев С.Н., Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің  PhD  докторы.

 Түсініктеме хат мазмұны

        Соңғы  жылдары  пайдалы  қазба  қорларының  жақын арадағы  таусылуы  мүмкіндігі ,жер  бетінен  өсімдік  және жануарлар  дүниесінің  көптеген класс өкілдерінің жоқ болып  кетуі және  сондай-ақ табиғи  ортаның шектен  тыс  ластануы айрықша  белең  алып  отыр .Кейбір  елдерде ,әсіресе  жоғары  дамыған  елдерде  қоршаған  орта жағдайының нашарлағаны  соншалық ,адамдардың денсаулығы  біртіндеп бұзыла  бастады. Осының бәрі қоғамды қоршаған  ортаны  қорғау  мәселесіне ерекше  көңіл  бөлуге ,табиғатты  сақтау  және  қалпына  келтіру ,өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту, топырақтың құнарлығын  сақтау және  топырақ  эрозиясына  жол   бермеу  төңірегіндегі  жұмыстар кең көлемде   жүргізілуде. Курс аптасына 1- рет 34- сағатқа жоспарланған. Тақырыптарға сәйкес сарамандық жұмыстар мен таным жорықтарға жеке сағаттар бөлінген. Жалпы курс  9- тараудан тұрады. Биология, экология, химия, география, физиология, сурет,сызу пәндерімен кіріктірілген.

 Бұл  курстың  жоспарында экологияның  , медицинаның, биологияның  заманауй  жетістіктері  және прогрессивті ғылыми  біліммен  жетілдіру  тәсілдері берілген , экологияны тереңірек  түсінуге  мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты:

  • Экология жайлы  жалпы түсінікті қалыптастыру.
  • Өзінің  айналасындағы  экологиялық  үрдістерді шеше білуге уйрету.
  •  Алған материалдарды  талдап  уйренуге  бағыттау, қорытынды  нәтижесін  саралау  және  түйіндеуге үйрену
  • Қазақстандағы қызыл кітапқа енген жан-жануарларды  қорғауға үйрену.
  • Адам  өзінің  денсаулығын күтіп қарауға ерекше  назар  аудару.
  • Жергілікті ,аймақтық  мәселелерді  көтеруге және туған  өлкесіне   деген патриоттық  сана  сезімін  ояту.
  • Табиғаттың адам денсаулығына пайдасын түсіну және зиян келтірмеуге баулу.

Курстың  міндеттері:

  • Адамның өмір  сүру  тіршілік  ортасының   өзекті  мәселерін таба  білуге  үйрету
  • Адамның сол  региондағы  өмір сүру  ортасының  ұзақтығына  абиотикалық ,биотикалық және антропогендік  факторлардың әсер етуі жайлы білімдерін  кеңейту
  • Түйсікті  дамытып, ғылыми  жұмыстарға баулу,логикалық танымын дамыту
  • Биологиядан алған білімдерін пайдаланып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру арқылы , сұраныс тудыратын мамандыққа баулу;
  • Жаңа ақпараттық технология әдістерін ( электрондық оқулық, бейнебаяндар) қолдану арқылы терең білім беру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тексеру әдісі: зертханалық жұмыс, сарамандық жұмыс,бақылау жұмысы

Мамандыққа бағдарлау:

         Медицина,биотехнология,гендік  инженерия,фармакология,  экология,                    агрономия,технология.