Альдегидтер мен кетондар

Оттекті органикалық қосылыстар

Көмірсутек радикалдарымен байланысқан карбонил ( СОН) тобы бар органикалық заттарды альдегидтер немесе кетондар деп атайды. Альдегидтерде карбонил тобы сутек атомымен және көмірсутек радикалымен байланысады. Жалпы формуласы R – CОН – альдегидтер, R – CО– R – кетондар. Альдегидтер мен кетондар қаныққан, қанықпаған, ашық және тұйық тізбекті болып бөлінеді.

Альдегидтердің изомериясы көміртегі атомдарының тізбегінің құрылысына байланысты, ал кетондардың изомериясы радикалдың құрылысына және карбонил тобының орнына байланысты атаулары:

СН3 – СН2 – СОН – метилэтаналь;

СН3 – СН2 – СН(СН3) –СОН – 2-метилбутаналь;

СН3 – (СН3)2С – СО – СН2 – СН3 – 2,2-диметилпентанон-3;

Химиялық қасиеттері

Альдегидтер мен кетондар көптеген химиялық реакцияға белсенді қатысады. Бұл карбонил тобындағы қос байланыстың біреуі σ-байланыс, ал екінші π-байланыс болғандықтан, электрон тығыздығы көміртек атомынан оттегі атомына қарай ығысып, поляризациялануынан болады. Сондықтан химиялық реакция кезінде карбонил тобы жоғарғы белсенділік көрсетеді. Олар қосып алу, алмасу, тотығу, полимерлену, конденсация реакцияларына қатысады.

1. Қосып алу реакциялары

а) Альдегидтер мен кетондар никель катализаторы қатысында сутегіні қосып алады. Бұл реакция бойынша альдегидтерден біріншілік спирт, ал кетондардан екіншілік спирт түзіледі.

ә) Альдегидтер аммиакпен әрекеттеседі, кетондар әрекеттеспейді

б) Көгерткіш қышқылды (НСN) қосып алу. Оксинитрилдер түзіледі.

в) Альдегидтер спирттерді қосып алып, жартылайацетальдар түзіледі.Егер реакцияны хлорлы сутек қатысында қыздыру арқылы жүргізсе, толық ацеталь түзіледі.

СҰРАҚТАР

  • Нәтижесінде альдегид түзілмейтін реакция
  • 11,2 л ацетиленнен (қ.ж) алынған ацетальдегидтің шығымы 80% болса, одан алынатын сірке қышқылының массасы қанша болады
  • Альдегидтер қатынасатын реакциялар:   1) сутекпен тотықсыздану;  2) күміс оксидімен тотығу; 3) поликонденсация;  4) полимерлену;  5) жану
  • Альдегидтерді сапалық анықтайтын реактив
  • 15 г формальдегид пен 100 г күміс оксиді әрекеттескенде түзілетін күмістің массасы
  • Жеке сынауықтарда берілген этанол, глицерин формалинді қай реактивтің көмегімен тануға болатынын көрсетіңіз
  • Тығыздығы   0,8 г : мл    110 мл сірке қышқылының этил эфирін алу үшін қажет сірке қышқылының массасы
  • Альдегидтер тотыққанда түзілетін зат (-тар)
  • Қанықпаған жоғары карбон қышқылдары
  • Қаныққан жоғары карбон қышқылдары

Экологиялық білім беру тақырыптарын оқытудың маңызды аспектісі  болып табылады, әсіресе қоршаған орта мен тұрақтылыққа қатысты тақырыптарға келгенде. Оттегінің органикалық қосылыстары тақырыбы студенттерге химиялық заттардың қоршаған ортаға тигізетін әсері және оларды қалай жауапкершілікпен басқаруға болатынын үйретудің тамаша мүмкіндігі болуы мүмкін.