Оттекті органикалық қосылыстар
Спирттер деп құрамындағы бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксил тобына алмасқан көмірсутектердің туындысын айтады. Спирттер құрамындағы гидроксил тобының санына байланысты біратомды және көпатомды болып жіктеледі. Көмірсутек радикалының табиғатына байланысты спирттер қаныққан, қанықпаған және ароматты болып бөлінеді. Жалпы формуласы CnH2n+1OH немесе ROH болатын қосылыстар қаныққан біратомды спирттер деп аталады. Мұндағы R — көмірсутек радикалы. Спирттер гомологтық қатар түзеді. Қатардың көрші мүшелерінің айырмасы СН2– атомдар тобына тең. Спирт молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксил тобы (–ОН) бар екенін көрсету үшін, мысалы этил спиртінің молекулалық формуласын былай жазады:
СH3—CH2—OH немесе C2H5OH .
Спирттердің гомологтық қатары. Этил спирті — гомологтық
қатардың бір мүшесі. Қалған спирттердің химиялық қасиеттері және
электрондық құрылысы оған ұқсас. Қатардың бірінші мүшесі — метил
спирті:
Химиялық қасиеттері
1. Спирттердің қышқылдық қасиеті әлсіз болғандықтан, олардың
сулы ерітінділері индикатор түсін өзгертпейді.
2. Спирттердің гидроксил тобындағы сутек атомдары қозғалғыш бо-
лып келетіндіктен орынбасу реакциясына қатысады. Спирттер сілтілік
металдармен әрекеттесіп алкоголяттар мен сутек түзеді:
2С2H5OH + 2Na → 2C2H5ONa + H2↑
натрий этилаты
Спирттердің гидроксил тобындағы сутек атомы молекуладағы
көмірсутек радикалымен оттек атомы арқылы байланысқан. Сутек
атомының қозғалғыш болуының себебі неде? Қосылыстың электрондық
формуласын қарастырайық:

Спирт молекуласындағы С—С, С—Н және О—Н байланыстары бізге таныс — σ-коваленттік байланыстар. Бірақ О—Н байланысы коваленттік полюсті. Электрон тығыздығы электртерістігі жоғары оттек атомына ығысқандықтан сутек атомы молекуламен әлсіз байланысады. Сондықтан натрий оны қосылыс құрамынан оңай ығыстырады (137-сурет).


Спирттердің артық мөлшері мен 140°С-тан төмен температурада жай
эфирлер түзіледі:

Спирттер басқа органикалық қосылыстар сияқты тотығу реакция
сына да түседі. Біріншілік спирттер тотыққанда альдегидтер түзіледі.
Мысалы, этанолға қыздырылған мыс сымын батырса, ол жарқырап
шығады және ацетальдегидтің жағымсыз иісі пайда болады:

Басқа көптеген органикалық қосылыстар сияқты спирттер де оттектің үлкен мөлшерінде жылу бөле жанады. Спирттердің молекулалық массасы өскен сайын жануы нашарлайды. Спирттер жанғанда көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Этанолдың жануын былай көрсетуге болады:

Спирттер карбон қышқылдарымен әрекеттескенде күрделі эфир-
лер түзіледі:

Бұл реакция эфирлену (этерификация) реакциясы деп аталады. Спирттер дегидрлену (сутектің бөлінуі) және дегидратациялану реакцияларына түседі:

Спирттер деп құрамындағы бір немесе бірнеше су-тек атомдары гидроксотоптармен алмасқан көмір сутектердің туындысын айтады. OH гидроксил тобы спирттердің функционалдық тобы болып табылады. Спирттер құрамындағы гидроксил тобының санына байланысты біратомды және көпатомды болып бөлінеді. Гидроксил тобының спирт молекуласындағы қай көміртек атомымен байланысуына қарай біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирттер болады. Спирттердің гомологтық қатарына көмірсутек қаңқасының және гидроксил тобының орнына байланысты изомерлену тән.