Жоба туралы

Жаңартылған білім мазмұны бойынша Қазақстан Республикасында орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес химияны оқытуд.ағы басты міндет – химиялық білім, білік, дағды жүйелерін нақты жә.не с.апалы меңгеруді қамтамасыз ету [1].

Еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес еліміз.ге қажетті жаратылыстану саласы,техникалық, химик-биолог маман.дарды бүгінгі күні мектептегі химия, биология пәндеріне бейімді оқушылардан тәрбиелеп, өсіріп шығаруға болатыны белгілі. Бұл тұрғыда химия-биология бағытында білім беріп жатқан мектептер мен сыныптардың маңызы ерекше.. Өйткені, түлек.тердің басым. көпшілігі өз білімдерін жоғарғы оқу орындарында. химия,биология  салалары .бойынша жалғастыратын болады.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында химияны оқыту теориясы мен әдістемесін жетілдіру, оқушылардың химиялық білім, білігі мен дағдыларын қалыптастыру, мектепте химияны оқытудың тиімділігін арттыру және олардың әдістемелік аспектілерін зерделеу маңызды болып табылады [1].

Мектептің химия курсы оқушыларға химиялық білім беруде маңызды орын алады. Химияны оқыту оқушылардың логикалық ойлауын дамытып қана қоймай, химиялық әдістермен қоршаған әлемді танып білуде, қолданбалы есептерді шығару арқылы функционалдық сауаттылықты дамытуда маңыздылығы жоғары. Химияны оқу барысында оқушылардың кеңістіктік елестері мен түсініктері, дедуктивтік  қабілеттері дамиды  [1].

Зерттеу жұмыстары мен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдаулар химияны оқыту әдістемесін жетілдіруде ғалым-әдіскерлердің қомақты үлес қосқаны айқындалды. Дегенмен, химия пәнінің үлкен мүмкіндіктеріне қарамастан, мектеп бітірушілерінің ұлттық бірыңғай тестілеуден өту нәтижелерін талдау көрсеткендей  химиядан шығарылатын есептер 10% құрайды.

Дипломдық жобаның мақсаты: Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша химиия курсында оттекті органикалық қосылыстардың экологиялық маңызы  оқыту әдістемесін жетілдіру.

Дипломдық жобаның міндеттері:

  1. Химия курсын оқытуда білім алушыларға  эколлогиялық тәрбиені қалыптастыруда  әдістің орны мен маңыздылығын айқындау;
  2.  Оттекті органикалық қосылыстардың экологиялық маңызы ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін айқындау;
  3.  Оттекті органикалық қосылыстар тақырыбын оқытуда экологиялық тәрбиенің тиімділігін анықтау.

Дипломдық жобаның мазмұны: дипломдық жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жобаның орындалуының сипаттамасы:

Дипломдық жобаны орындауды біз нақты жоспар құра отырып, материалдар жинақтаудан бастадық. Келесі кезекте дипломдық жобаның

мазмұнын құрастырып, сондағы әр мәселеге жауапты адамдар белгіленді. Бұл төмендегідей жүзеге асырылды.

1.  Қасен Ш.  – Жоба бойынша жалпы басшылық жасаушы, барлық жұмыстарды үйлестіруші, жобаның кіріспесіндегі жобаның өзектілігі, мақсаты мен міндеттерін айқындаушы, жоба бойынша алынған нәтижелер мен алға қойылған міндеттерінің орындалу нәтижелерін, практикалық маңыздылығын беруге жауапты.

2.  Бакыткереева  Е. – « Оттекті органикалық қосылыстар тақырыптарын  өтуде экологиялық білім мен тәрбие мәселелері» бөлімінде  шығу тарихы, әдістің орны мен маңыздылығы,  оқытуды ұйымдастыру әдістемесі, ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері қарастыруға жауапты.  

3.  Көңілтай Г. –  «Мектепте оттекті органикалық қосылыстар тақырыптарын оқыту барысында оқушыларға  экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыру»  бөлімінде  осы қарастырған тақырыптарды тәжірибелік практика кезінде оқушыларға ұсынып,ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін  қарастыруға жауапты.

Дипломдық жобаны жүзеге асырылу кезеңдері:

Дипломдық жобаны орындаудың бірінші кезеңінде (қазан, 2022ж.) ғылыми жетекшінің басшылығымен жұмыс жоспары мен дипломдық жобаның мазмұны жасалды, осы жоспарға сәйкес топ мүшелерінің атқаратын қызметтері айқындалды, ғылыми әдебиеттерге байланысты нұсқаулар және осыған сәйкес ғылыми жетекші тарапынан тиісті тапсырмалар алынды.

Екінші кезеңде (қараша — желтоқсан, 2022 ж.) жоба тақырыбына және жобаның бөлініп берілген бөлімі бойынша әдебиеттерді және тақырыпқа қатысты материалдарды жинақтау және талдау жүзеге асырылды.

Дипломдық жобаны орындаудың үшінші кезеңі (қаңтар — ақпан, 2023ж.) жинақталған материалдарды зерделеу және жүйеге келтіріп, жазумен байланысты болды.

Төртінші кезеңде (наурыз — сәуір, 2023 ж.) дипломдық жобаның әр тарауы және бөлімдері бойынша атқарылған жұмыстарды жинақтап, оларды «Дипломдық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқаудың» талаптарына сәйкес рәсімдеу жүзеге асырылды. 

Дипломдық жобаны орындаудың бесінші кезеңінде (мамыр, 2023 ж.) жобаның «Кіріспе», «Қорытынды» және «Пайдаланылған әдебиеттер» бөлімдері жазылып, рәсімделді және жоба алдын ала қорғауға ұсынылатындай түрге келтірілді.

Дипломдық жобаның даму болашағы: міндеттелген әдістемеліктердің мақсатқа жетуге дұрыс бағыт сілтей білуді ары қарай ғылыми зерттеу жұмысына айналдыру. Білім алушыларға химия курсында оттекті органикалық қосылыстар тақырыбын  оқытудың ғылыми негізделген әдістемесі жаса.лды. Алынған теориялық білім бұл тақырып бойынша болашақ зер.ттеу жұмыстары үшін базалық негіз бола а.лады.

Оттекті органикалық қосылыстар тақырыбын оқытуды экологиялық тәрбиені қалыптастыру мен  ұйымдастыру әдістемесі, компьютерлік программалар мен электрондық оқулықтарды, білім беру порталдарын пайдалану бойынша ұсыныстар; химияны оқыту процесін жетілдіру практ.икасында қолданыс таб.а ала.ды. Жұмыстың нәтижесін мектеп мұғалімдері оқушыларды олимпиадалық және ғылыми жұмыстарға дайындауда қолдануға мүмкіндік береді.

Дипломдық жобада заманауи әдісті қолдану мәселелері қарастырылды және өз шешімін тапты деп айта алмаймыз. Сондықтан біз болашақта өзіміздің педагогикалық іс-тәжірибемізде осы тақырыптың кейбір мәселелерін зерттеуді жалғастырамыз деген сенімдеміз.  

Экологиялық ахуалдың нашарлауы халықтың денсаулығына зиянын тигізумен қатар, әлеуметтік қиындықтар туғызып, халық шаруашылығы тұрақты дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы мүмкін. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» — делінген. [2] 

Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз білім беру мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр. Экологиялық білім мен тәрбие беруді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданып жатыр.

Президентіміздің 2030 жылға дейінгі стратегияық даму бағдарламасында оршаған ортаны ластануға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге көңіл бөлінгендік пен оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. [2]

Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күннің тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» (1993 жыл) және «Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» (1994 жыл) атап көрсетілген [2].

Жобаның өзектілігі: XXI ғасырды химия ғасыры деп сеніммен айта аламыз.  Химиялық заттар адамдар өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Дегенмен  техногенді  даму  өзінің  пайдасы  мен қатар, түрлі  мәселені де  ала келді. «Табиғат – сарқылмас  байлық  көзі, адамға  керегінің  бәрін  беріп, қажетсізінің бәрін  тастауға болатын  түпсіз   құдық»  деген  сананы  өзгертіп, жаңаша  ойлауға  бағыттау, сөйтіп  экологиялық  сананы қалыптастыру — жедел қамдануды талап ететін ұзақ мерзімді шара. Бұл ұзақ мерзімді шараны біз білім алушыларға (оқушылар мен студенттерге) химияны экологиямен байланыстыра оқыту арқылы тәрбие қалыптастыру [3].

Мaқсaты: білім алушылардың экологиялық көзқарасын, санасын, химия пәнін оқыту арқылы табиғатқа үлкен жауапкершілікпен қарауды үйрету;

Химия пәнін оқыту арқылы  білім алушылар экологиялық көзқарас пен табиғатқа үлкен жауапкершілікпен қарауды үйрету;

Химия курсында экологиялық білім берудің мақсаты табиғатта, тіршілікте кездесетін химиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған заттардың тірі организмдерге тигізетін зиянын сабақтастық ұстанымымен оқып білу.

         Мiндеттерi:

  1. химиялық эксперимент нәтижесінде зауыттардан бөлінген бейметалдар (S, N, P)  туындыларының зиянды жақтарын нақтылау ;
  2. химиялық-экологиялық ұғымдарды басқа жаратылыстану ғылымдарының жүйесімен ұштастыру;
  3. химиялық экологиялық ұғымдарды қалыптастыру кезінде жергілікті өлкелік материалдарды кеңінен пайдалану.

Жобадан күтілетін нәтижелер: білім алушылардың кәсiптiк және бейiндiк бaғдaр жұмысы олaрдың мaмaндықты өз бетiмен тaңдaу жaсaуынa, мaмaндықты тaңдaуғa бaғыттaлғaн дaярлық iс-әрекеттерiнiң толығымен жүзеге aсырылуын айқындайды. Жобaдa білім алушылар  өз iшкi мотивaцисы, қоғaмдық қaжеттiлiктер мен өз қaбiлетi мен бейiмiн сынaп және  өз бaғытын aнықтaуғa бaғыттaудa осындaй кәсiби бaғыт бaғдaр бередi. Жобa бiлiм aлушылaрдың мaмaндық бойыншa кәсiби еңбек ету және оның қоғaмдық, тұлғaлық мәнiн түсiнуiн толық қaлыптaстырaды.

Ә.Ф.Сейтжановтың  «Органикалық химия» педагогикалық жоғары оқу орындарының мұғалімдерін дайындайтын «Химия» және «Биология» мамандықтарын игеретін студенттерге арналған оқулығында оттекті органикалық қосылыстар тақырыптарын оқытуда экологиялық білімді қалыптастырудың маңыздылығы айқындалған  [3, 9].

Ү.Б.Жексенбaевa «Оқушылaрдың ғылыми-зерттеу жұмыстaрын ұйымдaстыру» жұмысында жеке тұлғaны қaлыптaстырып дaмыту үшiн олaрдың өзгермелi әрекеттерiн aйнaлaдaғы нaқты құбылыстaр мен тaныс объектiлердi зерттеумен бaйлaныстырудың мaңыздылығын көрсеткен. Сaбaқ барысында зерттеушiлiк әрекеттi ұйымдaстыруда жұмыс жүйесiне: оқу сaбaқтaрындa. Зерттеушiлiк iс-әрекет деп aлдын aлa шешiмi белгiсiз шығaрмaшылық, зерттеушiлiк тaпсырмaның оқушылaрдың жaуaбын iздеу әрекеттерi түсiндiрiледi. Яғни, білім алушылардың жұмыстaры олaрдың өздерiне бiлiмдi меңгеру қызықты етiп ұйымдaстырылуы қажет [4-6].